Алматы қаласынан 185 000 текше метрден астам лай-сел массасы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында сел ағыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
None
None

Өткен тәулікте Наурыз ауданынан 21 155 текше метр лай-сел массасы шығарылды. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары басталғаннан бері ауданда 243 үй тазаланды, Қарғалы өзенінің 2,3 шақырым арнасы тазартылды, 121 807 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар мен сел массасы шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінен хабарлады.

Алатау және Әуезов аудандарында 92 және 24 үй тазартылды, сәйкесінше 63 635 текше метр лай тас массасы шығарылды. Бүгінгі күні зардап шеккен аудандардан шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтар

мен сел массасының жалпы көлемі 185 439 текше метрді құрады. Төтенше жағдайлар аймағына жұмылдырылған күштер мен құралдар жалпы, сондай-ақ тұрғындардың өтінімдері бойынша да жою жұмыстарын жалғастыруда.

Барлығы 243 арыз орындалды.

Апаттар медицинасы орталығының бригадасы кезекшілік етуде. Тұрғын үйлердің бау-бақша учаскелерін дезинфекциялау жұмыстарын жалғасуда. «Қазселденқорғау» ММ Қарғалы өзені арнасында судың өтуі жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта судың шығына секундына 2,8 текше метрді құрайды. Судың көтерілу қаупі жоқ.

Aвариялық-қалпына келтіру жұмыстарына ТЖД, ІІД, Республикалық жедел-құтқару жасақтары, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазселденқорғау» ММ, ІІМ Ұлттық ұланы, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, тартылған ұйымдар мен волонтерлер жұмылдырылды.

Зардап шеккен аудандарда барлығы 2638 адам мен 277 бірлік техника жұмыс жүргізуде. Алматы облысының Ақсай шатқалында Қазселденқорғау және ІІМ Ұлттық ұланының Азаматтық қорғаныс полкі Оң Ақсай мұздақ көлдеріндегі судың көлемін төмендету жұмыстарын жалғастыруда. № 147 көлінде ұзындығы 120 метр босату арнасы қазылды.

Соңғы жаңалықтар