19:05, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Алматы қаласында және облысында дауылдық ескерту жарияланды
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында және облысында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

8 қараша күні Алматы облысында жауын-шашын болады деп күтілуде (жаңбырдың соңы аралас қарға ұласады), бірқатар аймақтарында қатты жауын-шашын болады. 9 қарашада таулы және тау алды аудандарында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Температура түнде 2-7 градусқа төмендейді, кейбір жерлерде 10 градус аяз болады. Ал Алматы қаласында 8 қарашада қатты жауын-шашын болады деп күтілуде (жаңбырдың соңы аралас қарға ұласады), тұман түсіп, көктайғақ болады. Температура түнде 5-7 градусқа төмендейді.