Алматы қаласының 4 жасар тұрғыны «Метродағы үздік селфи» байқауында жеңімпаз атанды (ФОТО)
Сондай-ақ, бүгін осыдан бір ай бұрын жарияланған «Метродағы үздік селфи» байқауының қорытындысы шығарылды. Сонымен, дауыс беру қорытындысы бойынша Алматы қаласының 4 жастағы тұрғыны Ералы Құлмырза жеңімпаз атанды. Оның фотосы 5 мың «лайк» жинаған.
«Алматы Метрополитені» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Айдын Оразханов Ералыны жеңісімен құттықтап, оған планшет сыйлады.
«Біз жыл сайын осы күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне бағыштап мерекелік шара ұйымдастырамыз. Өйткені, метро Елбасының арқасында іске қосылды. Биыл біз үздік селфи бойынша байқау ұйымдастырдық. Қазір адамдардың барлығында дерлік смартфондар бар ғой және олар жиі селфи жасайды. Байқауға барлығы 40 фото жіберілді. Оларды біздің сайттан көруге болады. Біз жеңімпазды анықтауға қатысқанымыз жоқ. Мұны сайтқа кірушілер жасады. Меніңше жеңімпаз әділ таңдалды», - деді А. Оразханов.
Сонымен қатар, бүгінгі шара барысында метрополитеннің үздік қызметкерлері марапатталды.