Алматы қаласының әкімі мен Штутгарт қаласының обербургомистрі кездесті

rong> Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Германияның Штутгарт қаласының обербургомистрі Вольфганк Шустермен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат  әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу барысында екі қаланың көлік инфрақұрылымы, өндіріс, мәдениет және медицина салаларындағы  ынтымақтастық жайы   талқыланды. Бұл мәселелер бойынша маусым айында Штутгарттағы  Алматы  күндері аясында  қалалар арасында  ынтымақтастық туралы бірлескен келісімге қол қойылған болатын. Қазіргі таңда қалалық құрылыс басқармасы мен "Роберт Боштың" қазақстандық филиалы қараша айында Алматыда пайдалануға берілетін балабақшаға Buderus күн жүйесі қондырғысын қою туралы шешім қабылдап отыр. Сондай-ақ "Медеу" спорт кешеніне күн коллекторын қоюдың техникалық детальдары өңделуде. 300 орындық қалалық  ауруханаға Buderus жүйесіндегі қазандықты орнату және  Германиядан қажетті медициналық жабдықтар алу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар