Алматы қаласының әкімі Словакия Президентімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу Словакия Президентінің Қазақстанға келуі аясында өтіп, тараптар экономика саласы бойынша екі жақты ынтымақтастық құру төңірегіндегі сұрақтарды талқылады. Көбінде олар энергетика аумағындағы жобалар, өнеркәсіп, дәрі-дәрмек пен IT-технология төңірегінде әңгіме қозғады.
Қала әкімі өнеркәсіптегі қайта өңдеу саласы бойынша, трактор құрылысы өнеркәсібін құру мен IT-технологияны жетілдіру жолында Алматы қаласы бірігіп жұмыс істеуге дайын екенін баса айтып өтті.
Сонымен қатар туризм саласы бойынша серіктестік құрудың мүмкіндіктері мен Алматыда диагностика бойынша циклотронды орталық құру жобасы және жаһандық медицина технологиясына мамандар дайындауда тәжірибе алмасу қарастырылды.