Алматы қаласының Алатау ауданында 2 отбасы иіс тиіп уланды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алатау ауданының екі шағынауданында 2 отбасы иіс тиіп уланды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

27 ақпан күні сағат 16.55-те Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан 49 жастағы әйел, 17 жастағы бозбала, 15 жастағы жасөспірім мен 7 жасар бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

Дүйсенбі күні сағат 22.27-де Алатау ауданы Өжет шағын ауданының Новостройка көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан 20 және 42 жастағы әйелдер, жаңа туған нәресте, 1 және 11 жасар балалар көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар