Алматы қаласының Алмалы ауданының кәсіпкерлік қоры 400 отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берді

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Алатау ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай қала әкімінің бастамасымен тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бірлік күні жерлесіңе көмектес» деп аталатын қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
None
None

«Ауданның кәсіпкер азаматтарына мен бір ұсыныс жасап едім, қолдап, шамасы, жағдайы барлар көп балалы және қиыншылық көріп жүрген отбасыларға, соғыс ардагерлеріне, ауған соғысына қатысушыларға көмек ретінде өздері қор құрды. Оны бүгін тапсыруға келіп отырмын. Оны ұйымдастырған аудан әкімшілігіне рахмет айтуға рұқсат етіңіздер», - деді шаһар басшысы Ахметжан Есімов. Онда аудандағы 400 отбасыға 20 миллион теңге көлемінде материалдық көмек тапсырылды. Әр отбасына 50 мың теңгеден берілетін бұл көмекті алатындарды «Нұр Отан» ХДП, үкіметтік емес ұйымдар, Ақсақалдар алқасы, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері төрағалары қатысқан арнайы комиссия анықтады. Материалдық бұл көмек Отан соғысының ардагерлеріне, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, концлагерлерде тұтқында болғандарға, Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға, желтоқсаншыларға, әлеуметтік-тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткендерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

Соңғы жаңалықтар