20:43, 30 Сәуір 2010 | GMT +5
Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты Альянс банкінің қарыздарын қайта құрылымдауының аяқталғанын таныды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің "Альянс банкі" АҚ-ның қарызын қайта құрылымдауын тоқтату туралы арызын қанағаттандырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың бұл шешімі сәуірдің 28-інде шығарылды. Қайта құрылымдау нәтижесінде Альянс банкінің қарызы 4,5 миллиард АҚШ долларынан 1 миллиардқа дейін қысқарды. Банктің меншікті капиталы 50 миллиард теңгеден асып, жай және артықшылықты акциялар былай бөлінді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына - 67 пайзы, банк кредиторларына - 33 пайыз. Енді сот шешіміне сәйкес, қайта құрылымдау жоспарына енген банк міндеттемелері атқарылған болып саналады. Осындай міндеттемелер жөнінде соттардың, арбитраждық және аралық соттардың шешімдері бойынша атқарушы өндіріс тоқтатылады.