17:03, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунікке ҚР ҚК 177-ші бабы 3 бөлімінің «г» тармағы бойынша айып тағылуда. «Аталған тұлға 2013 жылы алдау әрі сенімге кіру арқылы азамат Т-дан сауда нүктесін ұйымдастыруға рұқсат алып беру желеуімен 26 млн. теңге ақша алған», - делінген хабарламада.