Алматы қаласының Наурызбай ауданында екінші қайтара сел тасқыны болмайды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Наурызбай ауданында екінші қайтара сел тасқыны болмайды. Бөгет бұзылмаған. Құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев мәлім етті.

«Мен су басқан жерде жүрмін. Қалалық штаб жұмыс істеп жатыр. Қалаға ешқандай қауіп жоқ. Су басқан жерлер - Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысы, Достық және Ақжар кенттері. Азаматтардан дүрбелең туғызбауды және тыныштық сақтауларын өтінеміз», - деп жазған С.Боқаев. Оның айтуынша екінші қайтара сел тасқыны болмайды. Қарғалы өзеніндегі су бөгеті қалпында. «Тек шаруашылық қора-жайлар ғана қираған. Су басқан жерлерден ғана адамдарды көшіріп жатырмыз. Азаматтардан дүрбелең туғызбауларын өтінеміз. Бөгеттің бұзылғандығы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді С.Боқаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram