Алматы қаласының соттарына жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды
Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьяларды таныстырды. Олардың қатарында Алмалы аудандық сотының төрағасы Қуаныш Арипов бар. Ол бұрын Жамбыл облысының Тараз қалалық №2 сотының судьясы қызметін атқарған.
Наурызбай аудандық сотының судьялары болып тағайындалғандар қатарында бұрын Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Саят Абдигалимов, бұрын Алматы облысы Райымбек ауданының №2 сотының төрағасы қызметін атқарған Бекет Батырханов, бұрын Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №2 сотының судьясы қызметін атқарған Бейнегүл Кайсина, бұрын Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Дариға Оспанова, бұрын Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының судьясы қызметін атқарған Нұрсұлу Үрстембаевалар бар.
Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы болып бұрын Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарған Арман Тұрғанбаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінде көптеген жылдар бойы жемісті жұмыс атқарып, отандық әділ сот төрелігінің дамуына үлес қосқан, құрметті доғарысқа кетіп бара жатқан Алматы қалалық сотының судьялары Құсаин Алмабеков пен Гүлжахан Мусинаға, сонымен қатар Алмалы аудандық сотының төрағасы Қайынжамал Бұхбанова мен Алмалы аудандық сотының судьясы Гүлшахар Шыныбековаға алғыс білдірілді.
Ақжан Ештай әріптестеріне көпжылдық шынайы еңбектері үшін үлкен құрмет көрсетіп, оларға зор денсаулық тіледі.