Алматы қаласының таяу келешектегі экономикалық өсу қорын анықтаудың маңызы өте зор - Үкімет Басшысы

АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Алматының әлеуметтік-экономикалық даму келешегін айқындауда бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу барысына талдау қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Алматыда өткен алқалы жиында айтты.
None
None

«Алматыда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр, дегенмен шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Бізге бұл шаһардың келешектегі экономикалық өсу қорын анықтаудың маңызы өте зор.Стратегиялық тұрғыдағы бірлескен шешімдер қабылдауымыз керек», - деді С.Ахметов. Серік Ахметов талқылау кезінде үкімет мүшелері, даму институттары мен ұлттық компания жетекшілерінің бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу барысына айрықша назар аудару керектігін ескертті. Алматы қаласы үшін қазіргі таңда экология бірінші мәселе екенін айтып, атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындары нысандарының құрылысы, Көкжайлау тау шаңғысы курорты, жеңіл рельсті көлікті дамыту, Алатау ауданындағы индустрияландыру аймағы мен кәсіпорындарға энергия үнемдеу бойынша аудит жүргізу мәселелері бойынша Үкімет мүшелерінің есебін тыңдап, олардың жұмысына қатысты сын-ескертулер жасады.

Соңғы жаңалықтар