Алматы қаласының тұрғыны 800 келіден астам марихуанамен ұсталды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - «Көкнәр-2013» жедел-алдын алу шарасы барысында Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу стансасындағы ЖПБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, есірткінің ірі көлемін тәркіледі.
None
None

«Шу-Тәтті» өткелінде «марихуана» есірткі өсімдігін орып, жинап қойған жерінен Алматы қаласының тұрғыны, бұрын істі болған Л. есімді азаматы ұсталды. Одан салмағы 835 келі 500 гр. «кептірілмеген марихуана» есірткі заты тәркіленіп, алынды»,-делінген Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Шу стансасындағы ЖПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар