Алматы кедендік рәсімдеу орталығындағы ішкі тауар айналымының көлемі өткен жылы 5 491 650 долларды құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2008 жылдың ақпан айында ашылған Алматы кедендік рәсімдеу орталығында ішкі тауар айналымының көлемі былтыр жыл соңында 5 491 650 долларды құрады.
None
None
Бұл жайлы бүгін, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің Алматы кедендік рәсімдеу орталығында болған кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Кеден комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовтың сөзіне қарағанда, «бір тереза» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын Алматы кедендік рәсімдеу орталығы ашылғаннан кейін қалада 7-8 кеден қосыны қысқарған. Қазіргі таңда мұнда ішкі экономикалық қызметтің қатысушылары үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, орталықта 34 брокерлік компания мен 3 банктің өкілдігі бар. Ал Алматы кедендік рәсімдеу орталығының бастығы Нұрлан Мұсабековтің айтуынша, 63 қызметкері бар бұл кеден қосынындағы ішкі тауар айналымының 4 682 983 мың теңгесін импорт құрайды. Оның 1 540 273 мыңы немесе 33 пайызы ТМД елдерінің үлесінде. Ал ішкі тауар айналымындағы экспорттың жалпы үлесі 808 миллион 667 мың теңге. «Алматы кедендік рәсімдеу орталығынан былтыр ел бюджетіне кедендік алымдар мен салықтардан 82,568 миллиард теңге түсті. Бір жылдың ішінде біздің қызметкерлеріміз 65 407 кедендік жүк декларациясын рәсімдеді. Яғни, күн сайын орта есеппен 300-дей кедендік жүк декларациясы жасалды. Сондай-ақ кедендік жүк декларациясының 98 пайызы бір күннің ішінде жүргізілді», - дейді Нұрлан Мұсабеков.
Соңғы жаңалықтар