16:05, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
«Алматы - Космостанция» автожолында көлік қатынасы жанданды
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 16.00-дегі ақпарат бойынша Алматы облысында «Алматы - Космостанция» автожолында автокөліктің барлық түрлеріне жол жүруге рұқсат етілді,

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін жолдың 19-шы шақырымында тастардың жол бойына сырғып түсуіне байланысты тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін көлік қатынасына тыйым салынған болатын.