Алматы медициналық колледжі 34-рет студенттерді қабылдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы медициналық колледжі 34-рет студенттерді қабылдады. Бүгін колледж ішінде 1-курс студенттерін қабылдау кеші өтті.
None
None

Кеште сөз сөйлеген қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Бағдагүл Әбдірасылова жас мамандарға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Алматы колледжінде қазір 1200 студент білім алып жатыр.

Аталған білім орны Алматыда орта деңгейдегі кәсіби мамандарды әзірлеуде көшбасшы болып келеді.

Биыл сәуірде мемлекеттік бюджет есебінен колледж ұжымына 5 қабатты ғимарат алынған болатын. Жаңа ғимарат оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізді.

Орта дәрежедегі мамандарды әзірлеуде колледж білім берудің дуалды технологиясын қолданып келеді. Мұндағы студенттер мейірбике қызметі қалалық ауруханасы» МКК базасында оқып тәжірибеден өтіп келеді.

Сондай-ақ, оқу орнында аймақтық симуляциялық оқыту орталығы бар. әдістемелік оқулықтар, электронды кітаптар шығаруда, ғылыми жұмыс орталығы бар.

Осы бағытта голландиялық Амстердам академиялық орталығымен, Литвадағы Клайпеда университетімен, германиялық GIZ\UNIDA қауымдастығымен тығыз байланысты орнатып келеді. Ынтымақтастық аясында мамандардың біліктілігін көтеру үшін біріккен конференциялар, семинарлар өткізу, өзара тәжірибе алмасу жолға қойылған.

Соңғы жаңалықтар