11:50, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматы мен Мәскеу арасында жайлы жабдықталған пойыз қатынай бастады
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы мен Мәскеу аралығында жайлы жабдықталған пойыз қатынай бастады.
Қазақстан мен Ресей арасын байланыстыратын халықаралық пойыз «Алатау» деп аталды. Алматыдан Мәскеуге дейінгі жол 78 сағат 40 минутты құрайды, ал екі ірі мегаполис арасындағы қашықтық - 4015 шақырым. Жолаушылар тасымалдайтын құрам жаңа вагондардан тұрады, оларға отандық кәсіпорындарда күрделі жөндеулер жүргізілді. Аталмыш вагондардың пайдалану мерзімі 20-дан 28 жылға дейін. пойыз үш типті вагондардан (СВ, купе және плацкарт) сондай-ақ, мейманхана-вагоннан құралған .
«Құрамды жасақтау барысында вагонның сыртқы және ішкі көрінісінің дизайнын жаңалауға ерекше көңіл бөлінді», - атап өтті баспасөз қызметінен.
Жыл соңына дейін «Алматы-Мәскеу» бағытында қатынайтын қалған үш құрамның жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.