Алматы облыстық полициясының 9 ардагеріне ҚР ІІМ мерейтойлық медальдары тапсырылды
Олардың арасында 79 жастағы қылмыстық іздеу ақсақалы Қабдырахман Исабеков және 90 жастағы майдангер, Курск иініндегі шайқасқа қатысушы және полицияның еңбек сіңірген ардагері Борис Сударнов бар.
Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Талдықорғанда тұратын ішкі істер органдарының барлық ардагерлері қарттар айлығы ауқымында полицейлер ұйымдасмтырған мерекелік дастарқанда бас қосты. Алматы облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожақов салтанатты жағдайда әріптестерін құттықтады және ҚР ІІМ мерейтойлық медальдарын тапсырды.
Ардагерлерге жақсы көңіл-күй сыйлаумен қатар, ескерткіш сыйлықтар және шағын материалдық көмек тапсырылды.
«Жыл асқан сайын біздің ардагерлеріміздің қатары азайып келеді. Олардың әрқайсысы лайықты құрметке ие болды және қазіргі жастарға үлгі-өнеге. Айталық, Борис Скударнов Ұлы Отан соғысына қатысып, милитаристік Жапонияда шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін Отан соғысы орденімен, «Мудодзянды алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарына және басқа да марапаттарға ие болды. Майданнан оралғаннан кейін Б.Скударнов милицияның жедел бөлімшелерінде ұзақ жылдар қызмет етті»., - деп атап өтті Болат Қожақов.