Алматы облысы: Апорт алмасы өсірілетін алқап 2 мың гектарға дейін жеткізіледі
Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековтың айтуынша, 2016 жылға дейін оның көлемін 2 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда мұнда 17 мың жеміс бақтары мен 4,5 мың гектар жүзім алқаптары бар. Онда 300-ден астам шаруашылық жұмыс жасайды.
70-жылдарғы санақта еліміздегі 3 851 193 түп апорт ағашының 3 036 3346-сы Алматыда өсетіні анықталған. Одан кейін құрылыс жұмыстарының ұлғаюына байланысты оның саны жыл өткен сайын азая берген. Мәселен 1984 жылы алма ағаштарының жалпы саны республика бойынша 1 965 795-ке, ал Алматыда 1 418 988-ге дейін азайған. Одан кейін бұл үдеріс жылдамдап, базар мен сауда орындарының сөрелерінен апорт мүлдем жоғала бастады. Апорт алмасын жаңғырту мәселесін ғылыми түрде негіздеп, өз зерттеулері арқылы жұртшылық арасында есімі әйгілі болған биология ғылымдарының докторы, профессор Мағжан Исиннің сөзіне қарағанда, апорт өсіруге ең қолайлы жер - теңiз деңгейiнен 850-950, 1300-1350 метр аралығындағы кеңiстiк.