19:34, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдық емхана медициналық жаңа құралдармен жабдықталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін "Қазкоммерцбанк" пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының шеңберінде Іле ауданының орталық емханасына нәрестелердің өмірін сақтап қалуға арналған жаңа медициналық құрал-жабдықтар тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматыға жақын орналасқанына қарамастан, емхананың перзентханасы заманауи құрал-жабдықтарға мұқтаж болатын. «Періште» жобасы аясында оған транспортты инкубатор, жаңа туған нәрестенің анатомиясы мен физиологиясын тексеретін өзіндік ерекшелігі бар өкпені жасанды жолмен желдету және ультрадыбыстық диагностика аппараттары орнатылды. Бұл «емхананың перзентхана бөлімінде нәрестелердің шетінеуін 7 есеге дейін азайтпақ. «Жылдар бойы біз клиенттеріміздің және қызметкерлеріміздің жылы лебіздерін естіп келдік. Енді банктің бұрынғы әріптесі - Visa төлем жүйесі банктің одақтастары қатарына қосылды. Біз Қазақстан үшін қайырымды қаржы құралын жасап шығару сияқты маңызды істе күшімізді біріктірдік», - дейді «Құс Жолы» қорының басшысы, Қазкоммерцбанктің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Дәулет Сембаев. Жалпы «Періште» жобасы 2008 жылдың қыркүйегінде басталды. Оның мақсаты - Қазақстанның шалғай аудандарындағы нәрестелердің өмірін сақтап қалу. Жобаға қатысамын деушілер Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қорының кішкентай балалардың суреттерімен әрленген арнайы Visa Electron немесе Visa Classic төлем карталарын ашса, олар Қазақстанның болашақ ұрпағының денсаулығын сақтауға өз үлесін қосып, нәрестенің өзіндік періштесі болады. Өйткені Visa-ның қайырымдылық картасын пайдаланудың жылдық ақысы Қазкоммерцбанктің пайдасына емес, тікелей «Құс Жолы» қайырымдылық қорына түседі. Ал қор бұл қаражатты республиканың перзентханаларына қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсайды.