Алматы облысы қаржы полициясының қызметкерлері Батыс Қазақстанға көмек жөнелтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Батыс Қазақстан өңіріндегі оқиғаға бей-жай қала алмады.
None
None

Табиғат апатының салдарынан батыс өңірде 1300 тұрғын үйді су басып қалғанын, халықаралық, республикалық жергілікті маңыздағы жолдарды су шайып кеткенін, мыңдаған адамның баспанасыз қалғанын ақпарат агенттігі бұған дейін хабарлаған болатын.

Алматы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, департаменттің барлық жеке құрамы біркүндік жалақыларын арнайы қайырымдылық есепшотына аударды.

«Ең бастысы - адамдарға үміт сыйлау, жағдайларының оңалатыны туралы сенім сыйлау. Ең қиыны сол, зардап шегушілердің көпшілігі баспаналарынан, дүние-мүліктерінен айрылды, ал табиғат апатының салдары әлі толық жойылып біткен жоқ. Батысқазақсандықтардың тіршілігі қалыпты арнасына түсуі үшін әлі көп істер атқарылуы керек. Көмек қолын созу - біздің парызымыз», - дейді департамент бастығының орынбасары Уәлихан Ділдәбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум