Алматы облысы Кедендік бақылау департаменті мемлекет бюджетіне 8 млрд 937 млн теңге кіріс келтірді

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысының Кедендік бақылау департаменті мемлекет бюджетіне кедендік төлем мен салықтан 8 млрд. 937 млн. теңге кіріс келтірді.
None
None

Бұл жайында аталған департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кедендік органдардың кешенді бағытталған жұмыстарының бірі кедендік алым мен салық. Негізінен алғашқы тоқсанға мемлекет бюджетіне 7 млрд. 517 млн. теңге көлемінде кіріс кіргізу болжанған, алайда алға қойылған міндет 119 пайызға артығымен орындалған. Өткен жылғы дәл осындай уақытпен салыстырғанда бюджетке 7 % немесе 607 млн. теңге артық кіріс кірген.

Соңғы жаңалықтар