11:50, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне қатысуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ауылшаруашылығы өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкесіне қатысуда.
Табиғат тарту еткен сыйлардың саудасы Алматының «Астана» алаңында өткізілуде. Оған Алматы облысының 16 ауданының және Текелі мен Талдықорған қалаларының ауылшаруашылығы және қайта өндіруші кәсіпорындары қатысуда.
Жәрмеңкеде 84,3 млн. теңгенің өнімінің 54 түрі ұсынылған.
Жәрмеңке кезінде сатылып жатқан тауарлар Алматы базарларының бағаларына қарағанда 15-20 пайызға арзан бағамен сатылуда.