Алматы облысы Сот актілерін орындау департаментіне жаңа бастық тағайындалды

ҚР ӘМ Сот актілерін орындау комитеті төрағасының орынбасары Сергей Ли Алматы облысына ресми сапарында департаменттің жаңа бастығын таныстырды.
ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Сейтқазинов тағайындалғанға дейін ҚР ӘМ Сот актілерін орындау комитетінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
1967 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған, қаржы полициясының полковнигі. 1985-1987 жылдары Қарулы күштерде әскери қызметін атқарды. 1984 жылғы қыркүйектен бастап Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенті болды. 1992 жылғы шілдеден бастап Көкшетау облысының прокуратурасында қызмет атқарды.
1997 жылғы қазаннан бастап ҚР ҚМ ҚПД бақылау және әкімшілік тәжірибені ұйымдастыру бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға инспектор; 1998 жылғы наурыздан бастап ҚР ҚМ ҚПД Тергеу басқармасының алдын-ала тергеуді ұйымдастыру бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі; 1998 жылғы мамырдан бастап ҚР МТБ ҚПК БТБ тергеу жұмысы-тергеу бөлімінің өндірісі жөніндегі басқарманың аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі; 1998 жылғы маусымнан бастап ҚР МТМ ҚПК БҰҚБ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы болды.
Сонымен қатар, 2006 жылғы тамыздан бастап ҚР ЭСЖКА Тергеу департаментінің аймақтық бақылау басқармасының бастығы; 2007 жылғы наурыздан бастап ҚР ЭСЖКА Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті бастығының орынбасары; 2008 жылғы желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының ЭСЖКД бастығының орынбасары; 2010 жылғы мамырдан бастап ҚР ЭСЖКА Тергеу департаментінің сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тергеу басқармасы бастығының орынбасары; 2012 жылғы сәуірден бастап ҚР ЭСЖКА Тергеу департаментінің 1 басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.