Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары мен қала активіне облыс орталығының жаңа басшысы Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевті таныстырды.
None
None

Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев 1961 жылы 22 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келген.

1978 жылы В.И.Ленин атындағы Күрті орта мектебін бітірген.

2001 жылы Талғар ауданы Нұр ауылдық округінің әкімі, 2002 жылы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі болған. 2005-2007 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, одан кейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың мамыр айынан бері облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009 жылдың қыркүйегінен Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар