16:51, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматы облысына тартылған инвестициялар 10 мың адамды жұмыс орындарымен қамтиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысына тартылған инвестициялардың арқасында 10 мың адам жұмыс орындарына ие болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында біз инвестицияларды тартуды ең басты жұмыстардың бірі ретінде белгіледік. Алдыңғы қатарлы отандық бизнестің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткіздік. Өз кезегінде олар 140 ұсыныс енгізіп, оның ішінде 532 млрд. теңгенің көлемінде 75 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталды. Осы орайда 9912 жұмыс орындары құрылмақ», - деді облыс әкімі. Оның сөзіне қарағанда, ҚХР-мен бірлескен төрт жобаны іске асыру есебінен 201 млрд. теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. «Жыл басынан бері бірқатар елдердің инвесторларымен алты меморандум бекітілді. Оның ішінде алдағы жылы Алакөл ауданында Швеция мен Австрия компанияларымен жел электр стансасының құрылысы басталады», - деді А.Баталов.