Алматы облысында 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде - С.Үмбетов

АЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысында тойланып жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнінің басты ұраны - «Бірлік, достық және келісім!».
None
None

«Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстаның көпұлтты халқының барлық азаматтары үшін ортақ және жақын мереке болып табылады. Алматы облысында 100-ден астам ұлттың өкілдері мекен етеді және олардың барлығы бір отбасының адамдарындай тату-тәтті өмір сүреді. Талдықорғанда осыдан екі жыл бұрын салынған және өңірдің барлық ұлттық-мәдени орталықтарының ортақ шаңырағына айналған Достық үйі қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өз үлесін қосып отыр. Қуанышта та, реніште де біз біргеміз, біздің қуатымыз бен күшіміз - осы бірлікте», - деді облыс әкімі Серік Үмбетов өзінің құттықтау сөзінде.

Дәстүр бойынша, мерекелік шеруді Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Ұлағат» Ақсақалдар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, Достық үйінің ұжымдары бастады. Сондай-ақ «Нұр Отанның» облыстық және қалалық филиалдары мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, жастар қозғалыстарының мүшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары қатысты.

Соңғы жаңалықтар