11:04, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Алматы облысында 12 жастағы ұл бала бақшасынан қазына тапты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 қазан. ҚазАқпарат - Ақсу ауданының Қапал ауылындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Еламан Валишанов әкесімен бірге бақшада жерқойманы қазып жатқанда тиындар салынған қапшық тауып алды.
«Біз бұл жерқойманы бір апта бойы қаздық. Шұңқырдың ортасына келгенде топырақ өздігінен опырылып, ойық көрінді. Ұлым оны күрекпен қопара бастады. Содан қазына тауып алдық! Әрі қарай жерді қолмен қаза бастадық, көп тиындар таптық», - деді Нариман Валишанов.
Әкесі мен баласы жер астынан 125 тиын тапты.
Алматы тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша облыстық орталықтың директоры Есет Дәуренбаев Ә. Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдарын шақырып, олжаны археологиялық сараптамадан өткізуге ниетті екендігін жеткізді.