Алматы облысында 2020 жылға дейін 187 шақырым жылу желілерін жөндеу және жаңарту жоспарланып отыр

ДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Үкіметтің Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту және «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес Алматы облысында 2020 жылға дейін
None
None

187 шақырым жылу желілері мен 180 бірлік жылыту құрылғысын жөндеу және жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы әкімдікте өткізілген отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Амандық Баталов мәлімдеді.

«Осы белгіленген жылға дейін біз қосымша 21,7 мың шақырым тарату желілері мен құрылғыларды созып, 2,2 мың көппәтерлі үйді жөндеуден өткізіп, Талдықорған аймағын газдандыруды қамтамасыз етуіміз тиіс. Осыған орай қалалар мен аудандар әкімдері нақты жұмыс жасап, оған ПИК-терді де тартуы қажет», - деп атап өтті Амандық Баталов.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа 125,6 млрд. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар