Алматы облысында 28 шағын электр өндіруші стансы салынады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алдағы 3-4 жыл көлемінде Алматы облысында 28 шағын электр стансылары салынады. Бұл туралы Мойнақ ГЭС-і құрылысымен танысу сапары барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Алматы облысы қазіргі кезде электр энергиясын алуда басқа аймақтарға тәуелді. Сондықтан қазіргі кезде Мойнақ ГЭС-інен бөлек «Шағын энергетика» жобасын жүзеге асырудамыз. Бұл бойынша шағын өзендер бойына энергетика өндіруші 26 су электр стансысы, сондай-ақ Шелек аймағы мен Жоңғар қақпасында 2 жел қуатымен жұмыс істейтін, өндіруші стансы салу көзделіп отыр. Жел стансылары бойынша жобалау жұмыстары осы аптада басталады», деді облыс әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар