Алматы облысында 30 мың жұмыс орны ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында 30 мың жұмыс орны ашылады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай мәлім етті.
None
None

«Шағын және орта бизнесті жандандыру мен агроөнеркәсіптік кешенді, «зәкірлі өндірістерді» ары қарай дамыту жолымен халықты жұмыспен қамту жалғасады. Кластерлік жүйелерді құру ұстанымы бойынша жаңа бастамаларды жүзеге асырудан 30 мыңға тарта жұмыс орындары құрылады», - деді өңір әкімі. Осы орайда ол ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен салықтық базаны арттыру, сондай-ақ ЭКСПО-2017 нысандарына құрылыс материалдарын жеткізуге қатысу жоспарланып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар әкім ірі кен орындарын игеру бойынша перспективалы жобалар бар екенін жеткізді. «Жалпы Президент Жолдауында жариялаған мақсаттарда, барша әлеуметтік міндеттемелерді орындау тұрғысында және экономикалық өсімді қамтамасыз етуде барлық қажетті шаралар қабылданады», - деп түйді А.Баталов.

Соңғы жаңалықтар