Алматы облысында 5 000 іріқараға арналған мал семірту кешені ашылады - «ҚазАгроӨнім» АҚ

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматы облысында 5 мың іріқараға арналған «ӨтесБиоАзия» ЖШС мал семірту кешенінің жобасы 1 шілдеде салынып бітеді.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мониторингісі жөніндегі сараптама тобының отырысында «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасы Александр Солюлев мәлім етті.

«Бұл кешенде еуропаның ең заманауи стандарттарына сай ет комбинаты да қарастырылған. Меніңше, бұл жоба 1 шілдеге қарай тапсырылуы тиіс», - деді А. Солюлев.

«ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасы А. Солюлевтің сөзіне қарағанда, өткен жылдан бері республикада осындай 2 мал семіртетін кешен ашылған. «Біріншісі - БҚО, екіншісі - Қостанай облысында. Үшіншісін - Алматы облысында тапсыру жоспарланған. Олар елде жыл сайын 7 мың тоннадан астам сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жобалар «Қазақстан Республикасында іріқара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында жасалып отыр», - дейді ол.

Бағдарлама жобасында бірнеше заманауи ет комбинаттарын салу қарастырылған. Бұрындары хабарланғанындай, республикада жыл соңына дейін 8 осындай комбинат пайдалануға беріледі. 2016 жылға дейін 60 ет комбинаты ашылады деп межеленуде.

Жалпы бағдарлама бюджеті 130 млрд. теңгені құрайды . А. Солюлевтің айтуынша, биылға бұл қаражаттың 38 млрд. теңгесі игерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум