Алматы облысында 5 бірлік атыс қаруы тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Мамыр мерекелерін тойлау қарсаңында қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейту мақсатында өткен тәулікте «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында Алматы облысында бес бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның 4 - шолақ мылтықтар.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тәркіленген қарулардың бірі Талдықорған азаматынан, қалғандары Қарасай және Іле аудандарында тәркіленді.

Барлық тәркіленген қару олардың облыс аумағында жасалған қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар