Алматы облысында 5 туристік кластер қалыптастырылып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН: ҚазАқпарат - Алматы облысында облыс мәслихатының шешімімен ұзақ мерзімге бекітілген облыс туризмін дамытудың шеберлік жоспарын іске асыру жалғастырылып келеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар аймақтық қызметінің Алматы облысындағы брифингісі кезінде белгілі болды.
None
None

Алматы облысы бойынша туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаеваның түсіндіруінше, құжаттың негізгі мақсаты біздің туристік өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, туризм инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

«Шеберлік жоспары халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, аймақтың туристік саласының қазіргі жағдайының кешенді жоспары негізінде жасалған және облыстағы туризмді дамыту жоспарын көрсетіп отыр. Облыс аумағында 5 туристік кластерді қалыптастыру көзделген: Талғар-Есік, Қапшағай, Қарадала, Райымбек, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш. Аудандар мен қалаларда жетекшілік етіп отырған әкімдер орынбасарларының төрағалығымен жұмыс топтары құрылған», - деп түсіндірді Ж.Алшымбаева.

Соңғы жаңалықтар