08:15, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Алматы облысында 7 ауданның және Текелі қаласының әкімдері тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және аудандық мәслихат депутаттарының мақұлдауы бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды.
Аймақ жетекшісі Аңсар Мұсахановтың өкімімен:
Жүнісов Бейсеғали Исакұлы - Балқаш ауданы әкімі,
Далғабаев Әділбек Егеубекұлы - Ақсу ауданының әкімі,
Әлиев Бағдат Байшалович - Кербұлақ ауданының әкімі,
Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлы - Жамбыл ауданының әкімі,
Жақыпов Бөлтірік Аусадықұлы - Панфилов ауданының әкімі,
Исабеков Бақберген Сексенбекұлы - Көксу ауданының әкімі,
Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы - Ескелді ауданының әкімі және Қайнарбеков Талғат Қанатұлы Текелі қаласы әкімінің қызметіне тағайындалды.
Қалған әкімдер өз орындарын сақтап қалды.