Алматы облысында 702,1 мың шаршы метр үй салынып, пайдалануға берілді - өңір басшысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 наурыз. ҚазАқпарат -  Алматы облысында 2010 жылы 702,1 мың шаршы метр немесе 113,2 пайыздық көрсеткішпен үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы халықпен есеп беру кезінде өңір басшысы Аңсар Мұсаханов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,8 пайызға өсіп 172,9 млрд. теңгені құрады. Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық жаңғырту бағдарламасы аясында 3 қалада 323 млн. теңгеге 27 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. 

«Жолдардың құрамын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жасалды. Тек 2011 жылы жолдың 360 шақырымы жөнделді. 

«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында ауыз су жүйесінің 63 нысаны құрылып, қайта қалпына келтірілді. 

Облыста жылу маусымы еш кедергісіз өтіп жатыр. Жылу маусымына бюджет саласы мен тұрғын-үй коммуналды шаруашылық нысандарын дайындауға 16,4 млрд. теңге бағытталды», - деді Аңсар Мұсаханов.

Соңғы жаңалықтар