Алматы облысында алаяқ әйел 2 млн. теңгеден астам «ойыншық» ақшамен бір табын малды олжамалақ болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Полицейлер жалған ақшаға бір табын сиыр сатып алған әйелді ұстады. Облыстың ІІД хабарлағандай, күдікті шалғайдағы Райымбек ауылына барып, оңай олжаға кенелмек болған. 35 жастағы Сарыбастау ауылының тұрғыны оған 2 040 000 теңге жалған ақшаға 17 тұқымдық сиырын сатқан.
None
None

Олар мәмілені көрші ауылдың маңындағы жайылымдардың бірінде жасаған. Ауыл тұрғынының ойына сатып алушының бума-бума 1000, 5000, 10 000 теңгелік ақшасы жалған болып шығады деген еш күдік келмеген.

Кейіннен ол банкноттарда кез келген базарда еркін сатыла беретін балалардың «ойыншық» ақшасы екенін байқайды. Тіпті әр «ақшада» «ақшалай қаражатқа жатпайды» деген ірі әріппен жазылған ескертпе жазба да бар екен. Күдіктінің ізіне түскен полиция оны Алматы қаласына жетіп қалған сәтінде ұстады. Тәртіп сақшылары ұрланған малды тауып, толықтай заңды иесіне қайтарды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дәлелді айғақ ретінде «сувенир» ақшалар алынды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының 1984 жылғы тумасы Райымбек аудандық ІІБ-ге қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар