Алматы облысында ардагер спортшыларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Спорт күні мерекесіне орай ардагер спортшыларды, спорт саласының мамандарын салтанатты жағдайда қабылдады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесуге шақырылғандарды құттықтаған облыс басшысы Амандық Баталов:

«Ардақты ардагерлер мен спортшылар! Сіздерді Спорт күні кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық денсаулығының кілті саналатын дене шынықтыру мен спортқа мемлекет үнемі қамқорлық көрсету қажеттігін атап көрсетті. Елбасының сол тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысында спорт пен дене шынықтыруды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа спорттық объектілер салынып, стадиондар мен спорттық ғимараттар жаңғырылуда. Соның арқасында біздің жас спортшыларымыз бар күш-жігерін жұмсап, түрлі спорттық жарыстарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр», - деді өз сөзінде.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Әкешай Жайлаубеков, жеңіл атлетикадан Халықаралық спорт шебері Гүлжанат Жанатбек және «Жетісу» кәсіби волейбол клубының директоры Вячеслав Шапран сөз сөйлеп, спорт пен салауатты өмір салтының пайдасы, спорттағы жетістіктер туралы баяндап, өңір басшысына салаға үнемі қолдау көрсететіне ризашылықтарын білдірді.

Салтанатты жиын соңында облыс басшысы Амандық Баталов алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар