Алматы облысында әскери қызметкердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында әскери қызметкердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға кеше шамамен сағат 03.50-де Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Көктал» оқу полигонында барлау дайындығын өткізу кезінде орын алды.

Бас әскери прокуратураның мәліметтерінше, 18404 әскери бөлімінің қызметкері, жедел қызметтегі қатардағы сарбаз Кенжетай Байкенже абайсызда оқ-дәрі салынған Калашников автоматынан атып жіберді, соның салдарынан жедел қызметтегі қатардағы сарбаз Айдос Тәженов ауыр жарақаттанды. Ол ауруханаға барар жолда жантәсілім етті.

«Бүгін бұл факті бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Сарыөзек бөлімі ҚР ҚК-нің 390 бабы, 2 бөлімінде көрсетілген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар