Алматы облысында ауыл балаларына арналған спорт мектебі ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.   Желтоқсанның  23-і.  ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -    Алматы  облысының Ескелді ауданындағы   Қарабұлақ  ауылында    ауыл балалары мен жасөспірімдеріне  арналған спорт мектебі    ашылды.
None
None

Спорт  мектебінің  жаңартылған    ғимаратының ашылу   рәсіміне   облыс әкімі Серік  Үмбетов  қатысты.  Әкім ғимаратты,  ондағы   бассейн  мен   жаттықтыру  залдарын аралап  шықты,  деп   хабарлады    облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  Спорт  мектебінде  сондай-ақ, бокспен, күреспен  айналысуға арналған залдар   бар.

Нысанды  жөндеуге   2007 жылы облыс  бюджетінен  40 миллион 300 мың теңге,  2008 жылы - 11 миллион 800 мың теңге  бөлінген.  Ал 2009 жылы  «Жол  картасы»  бағдарламасы  аясында 12 миллион   900 мың теңге  тағы    қарастырылды.   Қазіргі уақытта  спорт  мектебінде 800   бала жаттығады, 31    жаттықтырушы  сабақ  береді,  олардың     екеуі - спорт шебері, 12-сі -    спор шеберлігіне кандидаттар.

Соңғы жаңалықтар