Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бірінші тоқсанда 2,4 пайызға өсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 2,4 пайызға өсіп, 24,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы әкімдік жиналысының барысында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аграрлық сектордың басты міндеті - көктемгі егіс науқанын жақсылап өткізу. Шаруалықтар қажетті тұқым көлемімен, бензин және 28 000 тонна дизельді отынмен қамтамасыз етілген. Жоспарланған 309 000 гектардың 145 500 гектары жыртылған, жаздық дақылдар, сафлор мен көкөніс себілген. Шошқадан басқа, мал мен құс басы өскен.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімінің көлемі қазіргі бағадан 12,6 пайызға өсіп, 64.4 миллиард теңгені құрады. Нан, ұн, сусындар, ет айналымы, балық, көкөністер мен жеміс-жидек өндірісінің көлемі артқан. Жаңа өндірістік нысандар мен жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп орындарының ішінен 250 жұмыс орны құрылған.

Соңғы жаңалықтар