09:05, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматы облысында автокөлік таудағы сайға құлап кетті, құрбандар бар - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауыл арасы жолымен қозғалып келе жатқан автокөлік таудағы сайға құлап кетті, құрбандар бар.
Қайғылы оқиға 25 сәуір күні таңертеңгі сағат 8-де Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында болды. «Фольксваген» жеңіл көлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші мен оның 27 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды.