14:30, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматы облысында балалар ауруханасы ашылды
ДЫҚОРҒАН. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында жаңа аймақтық балалар ауруханасының ашылу рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Үмбетов қатысты.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның құрылысына «100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 3,3 млрд.теңге бөлінді.
Ауруханада тәулігіне 450 келуші қабылдайтын емхана, 200 кереуеттік стационар, қабылдау бөлімшесі, рентген мен физиокабинет, зертхана, кір жуу бөлмесі мен өзге де бөлімшелер бар. Емдеу мекемесі жалпы құны 733 млн.теңгенің қазіргі заман талабына сай жабдықтарымен қамтылған. Аурухана үшін 670,5 штаттық бірлік бөлінді, оның ішінде 161,0 ставкасы дәрігерлер. Дәрігерлік құрамды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ауруханаға жақын жерде аудандық бюджет қаржысына 30 пәтерлі тұрғын үй салынды.