Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер Кіші Олимпиадада бақ сынасады

АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Талғар қаласында 1 тамыз күні әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдер арасында Кіші Олимпиадалық ойындар өтеді.
None
None

«Спутник» балаларды сауықтыру жазғы кешенінде өтетін бұл шараны Алматы қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған қатысушылар  шеңберді айналдыру, секіру, арқалау, ату, кір тасын көтеру, асық ату, нысанаға доп лақтыру, кегельбан, қол күресі, арқан тарту, жүгіру (60 метр), дойбы сияқты спорттың 12 түрінен өзара сайысқа түспек.

Жарыс «ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру және жасөспірімдер мен балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға тарту.  Сондай-ақ спорттың бұқаралық түрлерін насихаттап, достықты нығайту,  Алматы қаласының балалары мен жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Соңғы жаңалықтар