13:19, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Алматы облысында бір тәулік ішінде жол апатынан 20 адам зардап шекті
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Қайназар-Маловодное жолында «Мерседес-Бенц» қарсы бағытта келе жатқан «Хонда CRV» көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жолдың жиегіне шығып кеткен Мерседес үш жаяу жүргіншіні қақты. Салдарынан Есік қаласының ауруханасына 11 адам жатқызылды, оның ішінде 6 жастағы бүлдіршін де бар.
Екінші жол апаты Алматы-Жетіген тас жолында тіркелді. «Тойота Пикник» және «Мицубиси Галант» көліктері соқтығысып, жарақаттанған 9 адам Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Олардың бесеуі - балалар.
Алматы облысының тәртіп сақшылары екі апат бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.