Алматы облысында бір жарым жастағы қыз бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Іле ауданы Өтеген батыр кентінде бір жарым жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті.
None
None

Бала аман қалды, бірақ ауыр жарақаттармен Алматы облысының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалауда.

Тергеуалды тексерістің барысында полицейлер анықтағандай, сәби терезеге жақын қойылған диванның үстінде ойнап отырған. Ол диванның арқасына шығып, ашық терезеге тартылған мата торға сүйенемін деп құлап кеткен.

Соңғы жаңалықтар