Алматы облысында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі белсенді енгізілуде
Қаңтардың 10-ы мен ақпанның 24-і аралығында ауруханаларға жатқызу өңірлік бюросына 3163 өтінім түскен, оның 2158-і - ауыл тұрғындарынан.
Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сәуле Құсмолданованың хабарлауынша, республикалық клиникаларға жатуға 241 өтініш берілген, оның 185-і ауыл тұрғындарынан түсіп отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыру аясында сала министрлігінің келісімі бойынша ағымдағы шығыстарға жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке 9 806 383 мың теңге аударып отыр, оның ішінде 7 847 726 мың теңге сома - стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық көмекке арналған шығыстар.