Алматы облысында болған өрт салдарынан ер адам қаза тапты

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жартас кентінде 16 қараша күні сағат 19:30-да «Жартас» ЖШС-нің аумағындағы вагонда өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

Жалын «Жартас» ЖШС-нің өрт сөндіру есебімен сөндірілді. Жалын тілі 12,5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. ТЖ орнына ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД-гі ТЖБ-нің 3 адамы мен 1 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар