Алматы облысында браконьерлерден бес тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.

ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Алматы облысының полицейлері электр тоғының көмегімен Іле өзенінен заңсыз балық аулаған және Алакөл өзенінен терісі бағалы аң аулаумен айналысқан браконьерлерді ұстады.
None
None

Браконьерлік фактілері Қазақстанның барлық аумағында 12 сәуірден бастап жүргізілген «Уылдырық» шұғыл алдын алу шаралары барысында анықталды. Алматы облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 110 фактісі бойынша шамамен 100 адамды жауапқа тартты, олардан бес тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленген.

Іле өзенінде ұсталған электр тоғының көмегімен балық аулаған екі браконьер Балқаш ауданының тұрғындары болып шықты. Алакөлде кәсіп еткен басқа екі браконьерден 83 ондатр терісі мен 15 қақпан тәркіленді.

Қос факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу уақытында күдіктілер ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар