Алматы облысында дала өрттерінің саны 148 пайызға өсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ТЖ бойынша департаментінің шұғыл мәліметтерінше, аймақта 1215 гектардан астам жерде 347 дала өрттері тіркелді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 148 пайызға көп.
None
None

Бұл ретте дала өрттері ең көп тіркелген Көксу, Сарқант, Ескелді, Панфилов, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Ақсу аудандары, Талдықорған және Қапшағай қалалары алда тұр.

Облыс аумағында 6 323 адамнан тұратын 419 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған. Бұл жасақтарда жалпы алғанда 6 өртке қарсы көлік цистернасы, соқасы бар 789 трактор, 144 су таситын көлігі және өртті сөндіруге бейімделген 502 көліктік құралы бар. Осы техниканың барлығы «Алматы облысында 2011-2015 жылдарға арналған дала, тау, орман және таулы-орман өрттерін сөндірудің өзара іс-қимыл жоспарына» енгізілген.

Соңғы жаңалықтар